«АТА-АНА МЕН БАЛА: ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ПЕН СЕНІМ»
26.09.2026
2026 жылғы 24 қыркүйекте мектебімізде КММ «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Отбасын қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Ата-ана мен бала: өзара түсіністік пен сенім» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында ата-ана мен бала арасындағы сенім, өзара түсіністік және тиімді қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Қатысушылармен практикалық жаттығулар жүргізіліп, отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған пайдалы ұсыныстар берілді.
Семинар барысында ата-ана мен бала арасындағы өзара қолдау, сенім және жылы қарым-қатынастың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Просмотров: 13